«Қазақ музыкасының сайып қыраны» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.
9 сәуір күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерей тойына орай «Қазақ музыкасының сайып қыраны» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді. Мақсаты: оқушыларға өнерді сүйе білуге тәрбиелей отырып, рухани адамгершілік, құндылықтарымызды, ұлттық музыка өнерін жаңа белеске көтеру.


