«Қазақ музыка өнерінің гималайы» өнеге сағатын ұйымдастырып өткізді.

29 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижëр, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақ музыка өнерінің гималайы» өнеге сағатын ұйымдастырып өткізді. Іс шара барысында оқушылар Ахмет Жұбановтың өмір жолы мен қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі туралы мағлұмат алып, қазақ музыкасының дамуы мен ұлттық өнердің маңызы түсіндірілді.