«Қазақ музыка өнерінің Гималайы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
8 сәуір күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті композиторы, дирижері, академик Ахмет Жұбанов туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ музыка өнерінің Гималайы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен ақпарат беріп, кітап көрмесіне шолу жасады.




