«Қазақ лирикасының нәзік үні» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды.

26 наурыз күні Шолақ ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, нәзік сезім жыршысы Күлаш Ахметованың 80 жылдығына орай «Қазақ лирикасының нәзік үні» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Күлаш Ахметованың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, ақынның әсерлі өлеңдері оқылды. Қатысушылар поэзияның көркемдігін сезініп, рухани әсер алды.