«Қазақ көшінің шежіресі» атты портреттік кеш өткізілді.

14 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қазақ көшінің шежіресі» атты портреттік кеш өткізілді.

Шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, жазушының шығармаларындағы ел тарихы, ұлт тағдыры және көш тақырыбы жайлы әңгімеленіп, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.