«Қазақ халқының көрнекті ақыны» атты өнеге сағаты өтті.
29 тамыз күні Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақтың аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының 140 жыл толуына орай «Қазақ халқының көрнекті ақыны» атты өнеге сағаты өтті. Кітапханашы тұрақты оқырмандарымызға жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы мағлұмат беріп, қордағы әдебиеттерге шолу жасады.


