«Қазақ халқының батыры – Сыпатай батыр» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.

21 шілде күні Тасөткел ауылдық кітапханасында «Қазақ халқының батыры – Сыпатай батыр» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.

Танымдық сағат барысында кітапханашы Сыпатай батырдың өмірі, тарихи тұлғасы және ел қорғаудағы ерлік істері туралы мазмұнды мәліметтер берді. Батырдың халқына сіңірген еңбегі мен өнегелі өмір жолы кеңінен таныстырылды.

Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында қатысушылардың ел тарихына, батырлар мұрасына деген қызығушылығы артып, патриоттық рухы мен ұлттық сана-сезімін нығайтуға ықпал етілді.