«Қазақ халқының алып тұлғасы» атты әдеби круиз өтті.

14 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ халқының алып тұлғасы» атты әдеби круиз өтті. Іс- шараға Алға орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушы ұлы тұлғалардың бірі болып табылады. Оның шығармалары қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, адамгершілік құндылықтарын терең әрі шынайы түрде бейнелеп, қазақ әдебиетінің байлығын арттырып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.Кітапханашы жазушының өмірбаянымен қысқаша таныстырып, шығармалары жайлы тоқталып өтті.