«Қазақ елінің спорт жұлдызы» атты сыр кеші өткізілді.
15 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жақсылық Үшкемпіровтың 75 жылдығына орай «Қазақ елінің спорт жұлдызы» атты сыр кеші өткізілді. Іс-шараға Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы мен спорттағы жетістіктері туралы кеңінен таныстырып өтті. Ол — КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы әрі Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан дара тұлға екені айтылды.



