“Қазақ елінің спорт жұлдызы” атты ауызша журнал өткізілді.
14 мамыр күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Олимпияда чемпионы, грек- рим күресінің даңқты балуаны Жақсылық Үшкепіровтың 75 жылдығына орай “Қазақ елінің спорт жұлдызы” атты ауызша журнал өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Қазақстан спорт тарихында өшпес із қалдырған, ел рухын көтерген қайсар чемпионның өмір жолы, қоғамдық қызметі және ауыл шарушылығын дамытудағы еңбек жолымен қазақ спорты тарихындағы орны туралы баяндады.


