«Қазақ елінің чемпионы» атты сыр кеші өткізілді.

10 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Бекзат Саттархановтың – 45 жылдығына орай «Қазақ елінің чемпионы» атты сыр кеші өткізілді. Мақсаты: Сидней олимпиадасында бүкіл қазақ халқының мәртебесін көтеріп, жеңіске жеткен Б. Саттарханов жайында баяндалған мәтін мазмұнымен таныстыру, Бекзат туралы толық мағлұмат беру. Іс – шараға Т. Рысқұлов орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы, Б.Саттарханов жайлы өмірбаянын оқып, оқушылар қойған сұрақтарға жауабын беріп, Бекзат алтын медальді жеңіп алып, ұлтымыздың мақтанышына айналғанын мақтан тұтып айтып өтті.