«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» әдеби кеші өтті.
12 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның көрнекті композиторы, дирижер, педагог және музыка зерттеушісі Латиф Хамидидің 120 жылдық мерей тойына орай «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» әдеби кеші өтті. Шарада кітапханашы композитордың халық әндері мен күйлерін жинап, зерттеп, ұлттық музыканың дамуына үлес қосқандығын айтып өтті.


