,,Қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

11 сәуір күні Шу ауданы Көкқайнар ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ,,Қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

Қазақтың ұлан байтақ даласының

Мен де бір көпке ортақ өзенімін

деп жырлаған ақынның азаматтық тұлғасы, әдеби мұрасы тағлымды іс-өнегесі жаңа өскелең ұрпақтарымызға әсер-ықпалы зор.

Іс-шара барысында өмірі мен шығармашылығымен таныстырылып, кітап қорындағы ақын кітаптарына шолу жасалынып, өлеңдері оқылды.