,,Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

18 сәуір күні Шу ауданы Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ,,Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында Саттар Естемесов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен ,,Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында жазушының өміржолына шолу жасалынып, кітаптары таныстырылып насихатталды.