«Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы» портреттік алаң өтті.
24 сәуір күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қ.Жұмаділовтың 90 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы» портреттік алаң өтті. Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылды. Жазушының қазақ әдебиетіндегі орны, ел тарихы мен ұлт тағдырын арқау еткен туындылары туралы кеңінен айтылды. Оқушылар қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқып, оның әдебиет әлеміне қосқан үлесі жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ жазушының «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары туралы мағлұмат берілді.



