«Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбында әдеби портрет өтті.
22 қазан күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Дулат Исабековтің «Гауһартас» шығармасына арналған «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбында әдеби портрет өтті.
Іс-шара барысында Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, жазушының қазақ әдебиетіндегі орны мен әдеби мұрасы туралы кеңінен айтылды. Қаламгер шығармаларындағы адамгершілік, отбасы құндылығы, махаббат пен жауапкершілік тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар «Гауһартас» повесінен үзінді оқылып, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.


