“Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты библиокеруен өткізілді.

24 маусым күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл толуына орай Жеңіс саябағында “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты библиокеруен өткізілді. Шара барысында жазушының халық арасында кең тараған туындысы Мұхтар Әуезовтың жастық шағы баяндалған “Абайдан соң” романы, тың көтерудің алғашқы жылдары арқау болған “Аттаныс” романы, қазақ ауылын коллективтендіру кезіндегі таптық күрес, шиеленіскен тартыс суреттелген “Көктем салқыны” атты шығармалары оқырмандарға кеңінен насихатталды.