“Қазақ әдебиетінің 100 үздік кітабы”тақырыбында пікір алмасу өтті.
29 шілде күні №1 Шу қалалық кітапханасында “100 кітап Ұлттық сауалнамасын қолдау” мақсатында “Қазақ әдебиетінің 100 үздік кітабы”тақырыбында пікір алмасу өтті. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы «100 кітап» акциясы аясында ұлттық сауалнаманың мән-маңызын түсіндіріп, таңдаулы деген жүз туындының тізімін жасақтауға атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ қатысушылар арасында кітап оқу мәдениеті, кітапқа деген сүйіспеншілік туралы мазмұнды пікір алмасулар болып, сүйікті кітаптарының таңдаулы үзінділерінен өлеңдер мәнерлеп оқыды.



