«Қазақ әдебиетіне беделді қаламгер» тақырыбында әдеби шолу өткізілді.
12 қазан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетіне беделді қаламгер» тақырыбында әдеби шолу өткізілді.
Іс-шара барысында қазақ прозасының классигі, балалар әдебиетінің шебері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, көркем шығармаларының тәрбиелік мәні мен әдеби мұрасы таныстырылды.


