«Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлға» атты дайджест өтті.

21 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында « Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың белгілі ақын, жазушы, әдебиет сыншысы – Тәкен Әлімқуловтың кітаптары таңдалуына орай «Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлға» атты дайджест өтті. Шараға Алға орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітаптарына шолу жасады. «Жұмбақ жан», «Замана екпіні»,«Көкек айы»,«Күрең өзен» атты әдебиеттерімен таныстырды.