«Қастерлі қаламгер» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

21 қазан күні Мойынқұм ауылдық кітапханасы қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қастерлі қаламгер» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.

​Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмір жолы мен қаламгерлік ерекшелігі кеңінен таныстырылып, шығармалары туралы мағлұмат берілді. Оның туындыларындағы өмір шындығы, адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік пен балалық шақ көріністері түсіндірілді. Сонымен қатар, автордың қазақ прозасына қосқан үлесі мен шығармаларының тәрбиелік мәні талқыланып, жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында әсерлі әңгімелер жүргізілді.