«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарих сағаты өткізілді.
19 мамыр күні Алға ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарих сағаты өткізілді. Шараға Амангелді орта мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға қуғын-сүргін жылдарының ауыр зардаптары, қазақ зиялыларының қилы тағдыры және ашаршылық кезеңінің тарихи қасіреті туралы кеңінен мәлімет берілді. Тарихи деректер таныстырылып, өткен тарихты ұмытпай, Тәуелсіздіктің қадірін бағалау жөнінде тағылымды әңгіме жүргізілді.


