«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
30 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мәдени ұйымдастырушымен бірлесе отырып Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шара барысында Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері Ж.Дошанова және ауылдық мәдени ұйымдастырушы Б.Жұмабеков қасіретті жылдарда жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялылары мен қайраткерлерінің өмір жолдарымен таныстырып, өлеңдерінен үзінді оқыды. Шара барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылы, көрермендерге таныстырылды.


