«Қасірет құрбандары ұмытылмайды» атты еске алу жиыны өткізілді.

29 мамыр күні Абай ауылдық кітапханасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында «Қасірет құрбандары ұмытылмайды» атты еске алу жиыны өткізілді. Іс-шара барысында қазақ халқы бастан кешкен ауыр кезеңдер туралы тарихи мәліметтер айтылып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым жасалды.

Оқырмандарға тарихи кітаптар мен деректерден көрме ұйымдастырылып, өлеңдер оқылып, еске алу минуты жарияланды. Жиынның мақсаты – жас ұрпаққа тарих тағылымын түсіндіру, елін-жерін құрметтеуге тәрбиелеу және өткеннің қасіретін ұмытпау.