«Қасірет пен тағзым» тарихи сағат ұйымдастырып өткізді.

26 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет пен тағзым» тарихи сағат ұйымдастырып өткізді. Шара барысында қуғын-сүргіннің себеп-салдары, жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының тағдыры баяндалып, ашаршылық жылдарындағы халық басынан өткерген ауыр жағдайлар, соның ішінде миллиондаған адамның қаза табуы мен босқыншылыққа ұшырауы туралы айтылды.