“Қаруымен, қаламы қатар жүрген” атты портрет кеші өтті.

21 қазан күні Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “N 10 колледж“ білімгерлерінің қатысуымен Ж.Молдағалиевтың 105-жылдығына орай “Қаруымен, қаламы қатар жүрген” атты портрет кеші өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолымен таныстырып, шығармалар жинақтарына шолу жасады. Мақсаты: Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншілікті арттыру, оқырмандардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.