“Қарттарым асыл қазынам!” сұхбаттасу кеш өткізілді.
30 қыркүйек күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен мектеп кітапханашысымен ұйымдастырылған 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай “Қарттарым асыл қазынам!” сұхбаттасу кеш өткізілді.
Сұхбаттасу кешіне Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі Төреқұл Әлиханұлы қатысты.
Кеш барсында ақынның балалық шағы мен өмір жолы жайлы деректері, шығармашылық және қоғамдық қызметі таныстырылып.Сұхбат барысында қатысушыларымыз
үлкендердің өмірлік тәжірибесінен тағылым алып, олардың ақ батасы мен жылы лебіздерін тыңдады. Әңгіме барысында қарттарды құрметтеу, олардың еңбегін бағалау, салт-дәстүрді сақтау және ұрпақтар сабақтастығы туралы ойлар ортаға салынды.




