«Қарттарым аман – сау жүрсінші» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

1қазан күні Абай ауылдық кітапханасында қарттар күніне орай «Қарттарым аман – сау жүрсінші» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты: жас ұрпаққа үлкенді сыйлау, қарияларды құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету, мейірімділік пен ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Қазақ халқында үлкенге құрмет көрсету ежелден келе жатқан ізгі дәстүр екені атап өтілді.

Тәрбие сағаты барысында қатысушылар қариялардың өнегелі өмірі, олардың қоғамдағы орны туралы ой бөлісіп, ата-әжелерге арналған жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Сонымен қатар үлкенді құрметтеуге байланысты мақал-мәтелдер айтылып, тәрбиелік мәні бар әңгімелер қозғалды.