«Қара сөздің қас шебері» атты оқыған кітаптарына талдау өткізілді.

18 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі жазушы, елге есімі етене таныс әдебиет қайраткері Тәкен Әлімқұловтың «Қара сөздің қас шебері» атты оқыған кітаптарына талдау өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың өмір жолымен, шығармашылығына тоқталып, туындыларымен толығырақ таныстырып өтті. Шара соңында оқушылар оқыған кітаптарына кітапханашымен бірлесе отырып талдау жасады.