«Қара сөздің Қабанбайы-Қабдеш Жұмаділов» әдеби вернисаж өткізілді.
21 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында биыл ұлы жазушы, қоғам қайраткері Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қара сөздің Қабанбайы-Қабдеш Жұмаділов» әдеби вернисаж өткізілді.
Қатысушы оқырмандар романның мазмұны жайлы, бас кейіпкер Дәмежанның елінің намысын қорғаған, әділдік үшін күрескен тарихи тұлға екендігі туралы айтып беріп, өздері кітапты оқығандағы әсерлері туралы да пікірлерімен бөлісті.




