«Қара сөздің хас шебері» атты портреттік кеш өткізілді.
25 маусым күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қара сөздің хас шебері» атты портреттік кеш өткізілді.
Шара барысында қаламгердің өмір жолы, әдебиеттегі орны мен шығармашылық мұрасы жан-жақты таныстырылды. Жазушының қазақ халқының тарихын, тағдырын және ұлттық құндылықтарын терең бейнелеген шығармалары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Оның «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз», «Атамекен» сынды туындыларына ерекше тоқталып, олардың көркемдік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні айтылды.




