«Қаламымен тарих жазған Қабдеш» атты әдеби сағат өткізілді.

22 маусым күні Абай ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық тағдырын, ел тарихын көркем сөзбен бейнелеген көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламымен тарих жазған Қабдеш» атты әдеби сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды қаламгердің өмір жолымен, бай әдеби мұрасымен және тарихи тақырыптағы шығармаларымен таныстырды. Сонымен қатар жазушының қазақ әдебиетіндегі орны, ұлт тарихын көркем бейнелеудегі шеберлігі туралы жан-жақты мәлімет беріліп, шығармаларынан үзінділер оқылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.