«Қаламмен жазылған тағдыр» атты әдеби сағат өткізілді.
24 маусым күні Сауытбек ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Софы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Қаламмен жазылған тағдыр» атты әдеби сағат өткізілді.
Шара барысында қаламгердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі мен қаламгерлік қызметі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар қатысушылар жазушының танымал шығармаларымен танысып, оның рухани құндылықтарға толы туындылары мен өнегелі өмір жолы жайында пікір алмасты.



