«Қаламмен өрілген тағдыр» блиц өткізілді.

20 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақ прозасының көрнекті өкілі, қаламгер Бексұлтан Нүржекеевтың 85 жыл мерейтойына орай «Қаламмен өрілген тағдыр» блиц өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, оның әдеби мұрасы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар қаламгер туындыларының тәрбиелік мәні мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, рухани құндылықтар жайында ой бөлісті.