«Қаламгер көзімен суреттеген халық тағдыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

14 қазан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қаламгер көзімен суреттеген халық тағдыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Шара барысында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Қаламгер өз шығармаларында шетелдегі қазақтардың тағдырын, атамекенге оралу мәселесін, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті терең суреттегені айтылды. Оның тарихи романдары халықтың өткенін танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.