“Қайсар рухты Қайрат” тақырыбында тарихи сағат өткізді.

6 ақпан күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Қайсар рухты Қайрат” тақырыбында тарихи сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, ерлік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тарихи сағат барысында кітапханашы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, ұлт азаттығы жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтің өмір жолы мен ерлігі туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушыларға Қайраттың жастайынан әділдікке, ел намысына адал болған тұлғалық болмысы таныстырылды.