«Қайраттың рухы – елдіктің рухы» атты өнеге сағаты өтті.
12 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдығына арналған «Қайраттың рухы – елдіктің рухы» атты өнеге сағаты өтті. ![]()
Желтоқсанның мұзды ызғарына қарсы тұрып, Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен батыр ұлымыздың есімі ел жадында мәңгі сақталады.
Шара барысында:
Қайрат Рысқұлбековтың ғибратты өмірі мен ерен ерлігі туралы кеңінен сөз қозғалды.
Қатысушылар Желтоқсан оқиғасының тарихы мен сол кезеңдегі қиын-қыстау күндер туралы естіген деректерімен бөлісті.
Ерлік пен отансүйгіштік қасиеттер жас ұрпаққа үлгі ретінде дәріптелді.
Кеш соңында кітапханашы тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарға батырлар рухын ұлықтайтын туындыларды оқуға ұсынды.




