«Қайраттың қайсар рухы» өнеге сағаты өткізілді.
11 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасы кезінде ерлік көрсеткен қазақ жастарының бірі, Қазақстанның халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың 60 жыл толуына орай «Қайраттың қайсар рухы» өнеге сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушы оқырмандарға қазақ жастарының рухын асқақтатып, халқымыздың намысының үлгісін көрсетіп кеткен Қайрат Рысқұлбековтың өмір жолдары туралы айта келе, жастығына қарамастан, қайсар мінез танытқан ол бүгінгі ұрпаққа үлгі, оның атын мәңгі есімізде сақтап ерлігі мен өр мінезін ұлықтауымыз керек екендігін насихаттады.



