«Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен намыстың символы» тәрбиелік іс-шара өткізілді.

13 наурыз күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбековтің 60 жылдық мерейтойына орай «Қайрат Рысқұлбеков – ерлік пен намыстың символы» тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихымыздағы батыр тұлғаларды дәріптеу.

Кеш барысында кітапханашы қазақ халқының бостандығы жолында ерлік көрсеткен Қайрат Рысқұлбековтің өмірі мен ерлігі туралы мәлімет берді.Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, батырдың ерлігі туралы өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.