«Қаһарман Қайрат» тарих сағаты өтті.
17 наурыз күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың 60 жыл толуына орай «Қаһарман Қайрат» тарих сағаты өтті.
Іс-шарада Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беріліп, ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен, қайсарлық пен батылдықтың үлгісі болған Қайрат Рысқұлбековтың өмірі мен ерлігі туралы естеліктер айтылып, жас ұрпақтарға насихатталды.



