“Қабдеш Жұмаділов – ұлт тағдырының жыршысы” әдеби сағат өткізілді.

18 наурыз күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында “Қабдеш Жұмаділов – ұлт тағдырының жыршысы” әдеби сағат өткізілді.

Аталған тақырыпта қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы шығармаларын насихаттауға бағытталған шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, рухани әсер алды.