«Қабдеш Жұмаділов тарихи тұлғаларды бейнелеу шеберлігі» әдеби вернисаж өтті.

10 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында ұлы жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халқымыздың тарихын, тағдырын, ұлттық болмысын көркем тілмен бейнеленген дарынды жазушы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына орай «Қабдеш Жұмаділов тарихи тұлғаларды бейнелеу шеберлігі» әдеби вернисаж өтті. Кеш барысында кітапханашы жазушының шығармаларында ел тағдыры, ұлт тарихы, туған жер тақырыптарының кеңінен қамтылғаны айтылды.Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, оның туындылары халқымыздың тарихын, тағдырын, рухын танытатын асыл мұра екені оқырмандарға терең түсіндірілді.