«Қабдеш Жұмаділов – тарихи роман шебері» тақырыбында тұлғатану сағаты өткізілді.
28 мамыр күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел- бір кітап» Республикалық акциясы аясында халқының біртуар жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына орай «Қабдеш Жұмаділов – тарихи роман шебері» тақырыбында тұлғатану сағаты өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, «Тағдыр»,«Дарабоз» шығармаларына қысқаша шолу жасады.




