«Қабдеш – қазақтың қабырғалы қаламгері» атты поэзия кеші өтті.

23 сәуір күні №1 Шу қалалық кітапханасы қызметкерінің ұйымдастыруымен Қабдеш Жұмаділовтің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қабдеш – қазақтың қабырғалы қаламгері» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолын таныстырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, ой-өрісі мен тіл байлығын дамытуға бағытталған ақпараттар берді. Сонымен қатар, оқушыларды еңбекқорлыққа баулып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Кеш барысында ақынның шығармашылығы кеңінен насихатталып, «Дарабоз», «Саржайлау», «Аққуды атпас болар», «Бір ғана ғұмыр» атты кітаптарына шолу жасалды.