«Поэзияның ұлы өкілі» атты танымдық кеш кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
17 қазан күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында терең ойлы ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жыл толуына орай «Поэзияның ұлы өкілі» атты танымдық кеш кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақын шығармашылығын кеңінен таныстырып, оның өнегелі өмірі мен терең мағыналы туындылары туралы айтып өтті.
Шара соңында кітапханашы оқырмандарға кітап қорындағы әдебиеттер мен таныстырып, кітап оқуға шақырды.



