«Поэзияның асқар шыңы» атты әдеби кеш өтті.

19 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен «Поэзияның асқар шыңы» атты ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай, әдеби кеш өтті. Кітапханашы К.Алтыбаева ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Қосақовтың ақынға арнаған арнауы мен ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Қазақ поэзиясының нарқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеште оқырмандар ақынның сөзіне жазылған әндерін де орындады.. Ақын өлеңдерін насихаттау мақсатында өткен кеш әсерлі өтті.