«Поэзия- тірлігім,тіршілігім» поэзия кеші өткізілді.
30 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық клуб меңгерушісі және Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шу қаласының құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын, сазгер Бақыт Исаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Поэзия- тірлігім,тіршілігім» поэзия кеші өткізілді. Іс- шараға Алға орта мектебінің оқушылары қатысты. 4-5-6 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Алімхан Эсманур «Байтақ елім», Сырғабай Айтолқын «Аналардың тілегі», Нүсіп Кәусар «Менің қазағым» өлеңдерін айтты. Мақсаты: Жас ұрпаққа ақын шығармашылығын таныту, поэзияға деген қызығыушылықтарын арттыру және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.






