«Поэзия ханшайымы Фариза!» атты поэзия сағаты өтті.
7 қараша күні Қонаев ауылдық кітапханасында қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай «Поэзия ханшайымы Фариза!» атты поэзия сағаты өтті. Кітапханашы қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелген ақындардың бірі, Махамбет жырларынан нәр алған ақын өр мінезімен, өршіл жырларымен ерекше дарыны мен үздіксіз ізденісінің арқасында бүкіл халық ардақ тұтар ақынға, мемлекет қайраткеріне айналғаны туралы айтты. Шара барысында оқырмандар ақынның «Қырдағы қыс», «Сандуғаш» өлеңдерін оқыды. Кеш соңында оқырмандарға «Поэзия ханшайымы-Фариза!» тақырыбында кітап көрмесі мен кинолентаға шолу жасалды.

