«Поэзия бағының бәйтерегі» тақырыбында сыр кеші өтті.
17 қазан күні N1 Қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 105 жыл толуына орай «Поэзия бағының бәйтерегі» тақырыбында сыр кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы өмірі мен шығармашылығын насихаттап, жазушының кітаптарына шолу жасады.
Оқырмандар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.


