«Поэзия әлеміндегі тұғырлы тұлға» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді.

28 тамыз күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында қазақтың жыр аққуы атанған көрнекті ақын, әдебиет майталманы Марфуға Айтқожинаның туғанына 90 жыл толуына орай «Поэзия әлеміндегі тұғырлы тұлға» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді.

Іс-шара барысында ақынның қазақ әдебиетінің алтын қорына енген, махаббат пен туған жерге деген іңкәрлікті, адамгершілік пен өмір мәнін шынайы суреттейтін сырлы шығармаларына шолу жасалды.

Кітапхана қорындағы «Киік сезім», «Аққу жүрек», «Таңдамалы» жинақтарынан ақынның жүрек тебірентер өлеңдері оқылып, қатысушыларға Марфуға Айтқожинаның шығармашылық мұрасы мен поэзия әлемі кеңінен таныстырылды.

Ақынның нәзік те сыршыл жырлары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Оның поэзиясы оқырман жүрегіне туған жерге деген сүйіспеншілікті, адамдық асыл қасиеттерді сіңіріп, өмірді бағалауға үндейді.